Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі»
1 қыркүйек күні Лесбек Ташимов атындағы залда Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің ұйымдастыруымен «Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі» тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға Конституцияның мемлекет пен қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру, еліміздің құқықтық негіздері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Танымдық дәрісті Тарих кафедрасының доценті, PhD Б.С. Сыздық жүргізді. Дәріс барысында Қазақстан Республикасындағы конституциялық дамудың негізгі кезеңдері мен қазіргі конституциялық реформалардың бағыттары жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар, Конституцияның қоғамдағы тұрақтылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында білім алушыларға еліміздегі саяси-құқықтық өзгерістерге қатысты маңызды түсіндірмелер беріліп, Конституциялық реформалардың мәні мен маңызы кеңінен талқыланды. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дәріс барысында көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.
Осындай танымдық іс-шаралар білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға және елдің қоғамдық-саяси өміріне деген қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Іс-шара соңында қатысушылар Конституцияны құрметтеу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру – әр азаматтың маңызды міндеті екендігін атап өтті.
Емтихан кестесі
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 