shape
shape

Факультеттің мақсаттары мен міндеттері

  • Басты бет
  • Факультеттің мақсаттары мен міндеттері

Факультеттің мақсаты

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің негізгі мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай кәсіби құзыреттілігі жоғары, ғылыми-зерттеушілік және сыни ойлау қабілеті қалыптасқан, цифрлық технологияларды тиімді меңгерген, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Факультет білім беру мен ғылымның сабақтастығын қамтамасыз ету, инновациялық оқыту әдістерін дамыту, халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлықты кеңейту арқылы университеттің стратегиялық даму бағыттарын іске асыруға және білім мен ғылымның дамуына үлес қосуды көздейді.

Факультеттің міндеттері

  • Білім беру сапасын арттыру – білім беру бағдарламаларын заманауи талаптарға, кәсіби стандарттарға және еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес жетілдіру, білім алушыларға сапалы білім беру.
  • Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, педагогика және психология, тарих бағыттары бойынша кәсіби білімі мен практикалық дағдылары қалыптасқан білікті мамандар даярлау.
  • Білім мен тәжірибенің сабақтастығын қамтамасыз ету – теориялық білімді практикалық даярлықпен ұштастыру, кәсіби тәжірибе мен дуальды оқыту мүмкіндіктерін тиімді пайдалану.
  • Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту – профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуын арттыру, ғылыми жобаларды, жарияланымдарды және зерттеушілік бастамаларды қолдау.
  • Инновациялық және цифрлық білім беру ортасын дамыту – оқу үдерісіне заманауи педагогикалық технологияларды, цифрлық ресурстарды және инновациялық оқыту әдістерін жүйелі енгізу.
  • Академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту – отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми-білім беру байланыстарын нығайту, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуына жағдай жасау.
  • Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби әлеуетін арттыру – оқытушылардың біліктілігін жетілдіруге, ғылыми және әдістемелік құзыреттерін дамытуға, озық тәжірибелерді білім беру үдерісіне енгізуге қолдау көрсету.
  • Білім алушылардың тұлғалық және кәсіби дамуына жағдай жасау – олардың шығармашылық, ғылыми және қоғамдық бастамаларын қолдау, көшбасшылық қабілеттерін, жауапкершілігін және кәсіби мәдениетін қалыптастыру.
  • Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу – білім алушылардың тарихи санасын, азаматтық жауапкершілігін, отансүйгіштігін, академиялық адалдығын және мәдениетаралық қарым-қатынас мәдениетін дамыту.
  • Түлектер мен жұмыс берушілермен байланысты нығайту – білім беру бағдарламаларын жетілдіруде жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескеру, түлектердің кәсіби дамуы мен еңбек нарығында сұранысқа ие болуына ықпал ету.

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті білім, ғылым және тәжірибені өзара ұштастыра отырып, қоғамның тұрақты дамуына үлес қоса алатын білімді, білікті, жауапты және жаңашыл мамандар даярлауға бағытталған.