«Жастар және ғылым. Қазіргі заман трендтермен мотивация»
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Мектепке дейін және бастауышта білім беру кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., А.Қ.Рысбекова мен PhD, аға оқытушы Г.Т. Абдуллинаның ұйымдастыруымен «Жастар және ғылым. Қазіргі заман трендтермен мотивация» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жас зерттеушілерді ғылымға тарту, олардың кәсіби дамуын қолдау, сондай-ақ заманауи ғылыми трендтермен таныстыру мақсатында өткізілді. Семинар барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми жобаларға қатысу жолдарын талқылады, мотивацияны арттырудың тиімді әдістерімен танысты. Бұл шара жастардың шығармашылық әлеуетін дамытып, ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып отыр. Осы семинардың нәтижесі – жас ғалымдардың ғылымдағы белсенділігін көтеру, ынтымақтастықты нығайту және жаңа идеяларға шабыт беру. Семинар барысында қатысушылар пікір алмасып заманауи ғылыми трендтер мен практикалық қолдану жолдарын талқылады. Семинар нәтижесінде жас ғалымдардың ғылыми қызметке деген мотивациясы айқын көрінді.
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам
Сабақ кестесі 