Түркі әлемінің тарихи-мәдени ықпалдастығына арналған ғылыми еңбектердің тұсаукесері өтті
2026 жылғы 8 қазанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде «Түркі дүниесі: тарихи-мәдени ықпалдастық және ынтымақтастық» тақырыбында ғылыми еңбектердің тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шара барысында «Тарих» кафедрасы профессорының м.а. Қ. Базарбаевтың қатысуымен дайындалған монография, оқу құралы және хрестоматия тарих пәні мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білім алушыларына таныстырылды.
Аталған еңбектер түркі мемлекеттерінің тарихи-мәдени байланыстарын, ынтымақтастық үдерістерін және интеграциялық дамуының тарихи негіздерін зерделеуге арналған. Ғылыми іс-шараға факультет деканы Э. Зулпыхарова, декан орынбасары Ш. Алмазұлы, «Тарих» кафедрасының меңгерушісі А. Жумадуллаева және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Тұсаукесер барысында ғылыми еңбектердің білім беру үдерісіндегі маңызы мен түркі халықтарының ортақ тарихи-мәдени мұрасын зерттеудегі рөлі атап өтілді. Іс-шара студенттердің түркі дүниесінің тарихына деген қызығушылығын арттыруға, ғылыми дүниетанымын кеңейтуге және зерттеушілік ізденістерін ынталандыруға бағытталды.
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Сабақ кестесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 