shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Рухани мұра және жастар» зияткерлік сайысының қорытындысы

Бүгін, 09.10.2026 жылы, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінде ұлттық руханият, тарих, әдебиет және салтымызды дәріптеуге арналған «Рухани мұра және жастар» атты білгірлер бәйгесі болып өтті.

Зияткерлік турнирге факультеттің ең үздік, тапқыр 3 командасы қатысып, өзара білім мен тартысқа толы сайыс өткізді.

Сайыскерлердің білімі мен дайындығын әділ бағалау үшін арнайы қазылар алқасы құрылды. Қазылар алқасының құрамында:

Э. Зулпыхарова — Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы;

А. Джумадуллаева — Тарих кафедрасының меңгерушісі;

А. Исмайлов — Тарих кафедрасының оқытушысы.

Қазылар алқасының шешімі бойынша тартысты да қызықты өткен бәйгенің қорытындысы бойынша орындар былайша бөлінді:

І орын — «Элита» командасы 

ІІ орын — «Фаунстан» командасы

ІІІ орын — «Самұрық» командасы

Барлық қатысушы командалар факультет деканаты тарапынан арнайы грамоталармен және алғыс білдіру хаттарымен марапатталды.

Барша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жарқын жеңістерімен құттықтаймыз! Жастарымыздың білімге деген құштарлығы мен рухани мұраға деген құрметі арта берсін!