ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ – БІЛІМ МЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ
2026 жылғы 2–20 қазан аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әзербайжан Республикасындағы Әзербайжан шет тілдер университетінен тарих ғылымдарының докторы Тарана Гулузаде Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетіне академиялық сапармен келді.
Сапар барысында шетелдік ғалым Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің деканы Зулпыхарова Эльмира Умирзаковна және Тарих кафедрасының меңгерушісі Джумадуллаева Асель Нурдуллаевнамен кездесіп, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту, ғылыми және білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, сондай-ақ өзара байланысты нығайту мәселелерін талқылады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының негізгі мақсаты – халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау, профессор-оқытушылар құрамының ғылыми байланыстарын кеңейту және білім алушылардың тарихи танымы мен ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.
Сапар аясында тарих ғылымдарының докторы Тарана Гулузаденің білім алушылармен кездесулері мен академиялық іс-шараларға қатысуы жоспарланған. Бұл студенттердің тарих ғылымы бойынша білім көкжиегін кеңейтіп, халықаралық ғылыми тәжірибемен танысуына және жаңа ғылыми бағыттар туралы мағлұмат алуына мүмкіндік береді.
Шетелдік ғалымның факультетке сапары халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, білім мен ғылым саласындағы өзара тәжірибе алмасуды дамытуға және алдағы бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларына негіз қалыптастыруға бағытталған.
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Сабақ кестесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 