БАС ЖҮЛДЕ – БІЗДІҢ ФАКУЛЬТЕТТЕ! «РУХАНИ QUIZ» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫНЫНДА ФАКУЛЬТЕТ СТУДЕНТТЕРІ ТОП ЖАРДЫ
2026 жылғы 23 қараша күні сағат 15:00-де университетімізде өткен «Рухани Quiz» интеллектуалдық ойынында Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің студенттері жоғары білім деңгейін, зеректігін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын танытып, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді!
Зияткерлік сайысқа университеттің 12 факультетінің білім алушылары қатысып, білім мен біліктілік, ой ұшқырлығы мен тапқырлық тұрғысынан бақ сынады. Сайыс барысында қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, өздерінің жан-жақты білімдерін ортаға салды. Тартысты бәсекенің нәтижесінде финалдық кезеңге төрт факультеттің командасы жолдама алды. Атап айтқанда, Спорт, Филология, Медицина және Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеттерінің студенттері бас жүлде үшін өзара сайысқа түсті.
Финалдық кезеңде жоғары дайындықтарын, жылдам ойлау қабілеттерін, логикалық пайымдауларын және топпен жұмыс істеу шеберліктерін көрсете білген біздің факультет студенттері қарсылас командалардан озып, жеңіс тұғырынан көрінді. Осылайша, Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің командасы сайыстың БАС ЖҮЛДЕСІН жеңіп алып, факультет абыройын асқақтатты!
Бас жүлдені иеленген факультет командасының құрамында:
- Ирсынбет Ақниет – ГБП-413;
- Мырзақозы Индира – ГБП-413;
- Сатбек Ақдидар – ГБП-411;
- Рахманбергенова Дурдона – ГТА-511;
- Азимов Сардор – ГТА-612;
- Шаймахан Гүлсезім – ГБП-512.
Бұл жеңіс – студенттеріміздің білімге деген құштарлығының, үздіксіз ізденісінің, терең танымының және бір мақсат жолында жұмыла білуінің айқын көрінісі. Зияткерлік сайыстың әр кезеңінде белсенділік танытып, білім мен парасаттың, бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсеткен студенттеріміз өздерінің жан-жақты білімді, ізденімпаз әрі талантты жастар екенін дәлелдеді.
Осындай жарқын жетістік – факультетімізде білімді де бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық әлеуеті жоғары жастардың қалыптасып келе жатқанының нәтижесі.
Білім додасында топ жарып, факультет мерейін үстем еткен жеңімпаз студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге, білім бәйгелерінде факультетіміздің абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Білімді жастар – факультет мақтанышы, ал әрбір жеңіс – жарқын болашаққа бастар жол!
Ашық сабақ
Дөңгелек үстел
Әдістемелік семинар
Зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық
Сіздерді ХХХV Студенттік ғылыми-теориялық конференцияға шақырамыз!
Сіздерді Тарих секциясы бойынша Студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз!
Менің құқығым және міндетім
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы! 