shape
shape
Жаңалықтар
Blog Image

1 КУРС СТУДЕНТІ «АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2026» АТАНДЫ

Еліміздің мерейін асқақтатып, университетіміздің абыройын арттырған тағы бір жарқын жетістік!

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2026» халықаралық байқауында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті, Тарих кафедрасының ГТХ-611 тобының студенті Шайлавова Ширин Умиджанқызы жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен және «Үздік студент» төсбелгісімен марапатталды!

Сонымен қатар, студенттің ғылыми жетекшісі, Тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жораева Гүлжамал Төлегенқызы да ұстаздық және ғылыми-тәлімгерлік еңбегі үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды!

Бұл – білімге деген құштарлықтың, тынымсыз ізденістің, табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі. Әрбір жеңістің артында шәкірттің талпынысы мен ұстаздың тағылымы, бағыт-бағдары мен қолдауы тұратыны анық.

Ұстаз бен шәкірттің жетістігі қатар бағалануы – ерекше қуаныш әрі зор мақтаныш! Бұл жеңіс – білім мен еңбектің, тәлім мен тәрбиенің өзара сабақтастығының айқын көрінісі.

Осы қуанышты жетістікке орай факультет деканы, Э. Зулпыхарова Шайлавова Ширин Умиджанқызын және оның ғылыми жетекшісі Жораева Гүлжамал Төлегенқызын арнайы құттықтап, жеңімпаздарға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, факультет деканы студент пен ғылыми жетекшісіне жоғары жетістіктері үшін салтанатты түрде марапаттарын табыстап, алдағы уақытта да толағай табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.

Шайлавова Ширин Умиджанқызын және Жораева Гүлжамал Төлегенқызын қос қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Шәкіртке алар асулары биік, бағындырар белестері көп болсын! Ұстазға шәкірттерінің жетістігімен қуанып, еңбегінің жемісін көре беруіне тілектеспіз!

Жеңісті күндеріміз көп болсын! Университетіміздің мерейі үстем, мәртебесі биік болғай!