Біз туралы
.png)
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті – мектепке дейінгі және бастауыш білім беру, педагогика және психология, тарих бағыттары бойынша заманауи талаптарға сай жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын, білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметін өзара сабақтастықта жүзеге асыратын факультет.
Факультеттің басты мақсаты – заманауи білім беру талаптарына сай кәсіби құзыреттілігі жоғары, ғылыми ойлау қабілеті қалыптасқан, жаңашылдыққа бейім, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін мамандар даярлау. Оқу үдерісінде заманауи педагогикалық технологиялар, инновациялық әдістер мен цифрлық білім беру ресурстары кеңінен қолданылып, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға басымдық беріледі.
Факультетте мамандар даярлау бакалавриат, магистратура және PhD докторантура деңгейлері бойынша жүзеге асырылады.
Факультет құрамында мамандар даярлауды жүзеге асыратын негізгі кафедралар:
- «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасы;
- «Педагогика және психология» кафедрасы;
- «Тарих» кафедрасы.
Кафедралар білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асырып, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие бағыттарындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізеді. Сонымен қатар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және олардың ғылыми-шығармашылық бастамаларын қолдауға білім алушылардың кәсіби қалыптасуына жағдай жасайды.
Қазіргі таңда факультетте 15 білім беру бағдарламасы бойынша 669 білім алушы білім алуда. Олардың қатарында Қазақстан Республикасымен бірге Түркия, Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей, Өзбекстан және Ауғанстаннан келген шетелдік білім алушылар да бар. Көпұлтты білім беру ортасы мәдениетаралық қарым-қатынасты нығайтып, білім алушылардың дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.
Факультеттің ғылыми-педагогикалық әлеуеті жоғары. Профессор-оқытушылар құрамында 3 профессор, 18 ғылым кандидаты, 18 PhD докторы, 15 магистр оқытушы, 4 дуалды оқытушы және 4 практик маман қызмет атқарады. Оқытушылар мен білім алушылар ғылыми конференцияларға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге және ғылыми жобаларға белсенді қатысады.
Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстарына, академиялық ұтқырлыққа және халықаралық ынтымақтастыққа ерекше мән беріледі. Білім алушылардың кәсіби және тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи дәрісханалар, кітапхана, интернет сыныптары және қажетті оқу ресурстары қарастырылған. Сонымен қатар университеттің спорт кешені, студенттік асханасы мен жатақханалары білім алушылардың әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті – білім мен ғылымды, дәстүр мен жаңашылдықты сабақтастыра отырып, қоғамның дамуына үлес қоса алатын білікті әрі заманауи мамандар даярлауға бағытталған білім ордасы.
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 