ФАКУЛЬТЕТ ТҮЛЕКТЕРІ – КӘСІБИ ЖЕТІСТІК ПЕН САПАЛЫ БІЛІМНІҢ ЖАЛҒАСЫ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультеті – саналы ұрпақ тәрбиелеу, білім мен ғылымды дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және білікті мамандар даярлау жолында өзіндік орны қалыптасқан білім ордасы. Факультет өзінің көпжылдық тарихында қоғамның түрлі салаларында табысты еңбек етіп жүрген, кәсіби білімі мен біліктілігін ел игілігіне арнаған көптеген түлектерді тәрбиелеп шығарды.
Факультет түлектері – білім ордасында қалыптасқан академиялық дәстүрлер мен сапалы білім берудің нәтижесі, ұстаздар еңбегінің жемісі әрі факультеттің басты мақтанышы. Бүгінде олар еліміздің білім беру, ғылым, жоғары оқу орындары, мемлекеттік басқару, мәдениет және қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбек етіп, әртүрлі жауапты қызметтерді атқарып келеді.
Факультет құрамындағы үш кафедра – «Педагогика және психология», «Тарих» және «Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедралары әр бағыт бойынша кәсіби құзыретті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға елеулі үлес қосып келеді.
«Педагогика және психология» кафедрасының түлектері білім беру жүйесінде, жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, психологиялық-педагогикалық қызмет көрсету ұйымдарында және мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруда. Олардың қатарында мектеп мұғалімдері, педагог-психологтар, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары бар. Бірқатар түлектер кәсіби тәжірибесі мен ғылыми әлеуетін ұштастыра отырып, жоғары білім беру саласында жауапты лауазымдарда еңбек етіп, жас мамандарды даярлау ісіне өз үлестерін қосуда.
«Тарих» кафедрасының түлектері тарих ғылымы мен білім беру саласында, жоғары оқу орындарында, мектептерде, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, архивтерде, музейлерде және мәдениет ұйымдарында табысты қызмет атқарып келеді. Олардың арасында тарих пәнінің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, зерттеушілер, тарихшылар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың мамандары бар. Түлектер тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық мұраны зерттеу мен насихаттауға, жас ұрпаққа отандық және дүниежүзілік тарихты терең меңгертуге атсалысуда.
«Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру» кафедрасының түлектері мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру жүйесінде абыройлы еңбек етіп, өскелең ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына үлес қосып келеді. Олар балабақша тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, оқытушылар және білім саласының білікті мамандары ретінде кәсіби қызмет атқаруда. Түлектердің педагогикалық тәжірибесі мен шығармашылық ізденістері білім беру мазмұнын жетілдіруге және жас ұрпақтың жан-жақты дамуына ықпал етуде.
Факультет түлектерінің кәсіби жетістіктері мен еңбек жолындағы табыстары жоғары оқу орындарында да айқын көрініс табуда. Атап айтқанда, бірқатар түлектер өздері білім алған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, сондай-ақ Орталық Азия инновациялық университетінде профессор-оқытушылар құрамы, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және басқа да жауапты қызметтерде еңбек етіп келеді. Бұл – факультетте алған білім мен қалыптасқан кәсіби құндылықтардың жоғары білім беру жүйесінде жалғасын тауып отырғанының айқын көрінісі.
Сонымен қатар факультет түлектері Түркістан өңірі мен еліміздің өзге де аймақтарындағы мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде
Педагогика және психология кафедрасы
| № | Түлектің ТАӘ | Бітірген жылы (2015-2024жж) | Бітірген білім беру бағдарламасы | Қызмет орны мен лауазымы |
|---|---|---|---|---|
| 1 | Тасова Асел Баймурзаевна | 2018 | Педагогика және психология/докторантура | ХҚТУ Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы |
| 2 | Кабыкеева Кымбат | 2018 | Педагогика және психология/докторантура | КАТКО БК Өмірді қамтамасыз ету нысандарын басқару қызметінің басшысы |
| 3 | Бураева Жанат | 2021 | Педагогика және психология/докторантура | Халықаралық туризм және меймандостық университеті, Тілдер мектебінің директоры |
| 4 | Шынпейіс Гулжаухар | 2007 | Педагогика және психология/докторантура | ХҚТУ Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы |
| 5 | Арыстанбаева Алия | 2008 | Педагогика және психология/докторантура | ХҚТУ Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы |
| 6 | Мейірбекова Гулмира | 2014 | Педагогика және психология/докторантура | ХҚТУ Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы |
| 7 | Куралбаева Алия | 2007 | Педагогика және психология/докторантура | ХҚТУ Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы |
| 8 | Кастаев Серік | 2021 | Педагогика және психология/докторантура | Орталық Азия Инновациялық Университетінің оқу-әдістемелік басқарма бастығы |
| 9 | Тусеев Мухаммеджан | 2021 | Педагогика және психология/докторантура | Орталық Азия Инновациялық Университеті, Шетел тілдер кафедрасының меңгерушісі |
| 10 | Ауезов Батырхан | 2007 | Педагогика және психология/докторантура | ХҚТУ Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі |
Сабақ кестесі
Ашық сабаққа шақырамыз!
Таза Қазақстан – біздің болашағымыз
Білім беру бағдарламасын даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!
Түркі халықтарының этнографиясы (Әзірбайжан)
Рухани мұра және жастар білгірлер бәйгесі
Жаңа студенттік декан сайлауы!
ЕЖЕЛГІ ЖӘНЕ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ОТЫРАР ҚАЛАШЫҒЫ
Ұлттық кітап күні
Қазіргі заман трендтермен мотивация
Ғылыми жобаны орындау барысында пәнаралық зеттеулердің маңыздылығы: Култөбе қалашығы негізінде
Таза Қазақстан жасыл болашаққа қадам 