Деканның хабарламасы
Құрметті талапкерлер!
Жаратылыстану ғылымдары факультетінде оқу бірегей және көп қырлы. Факультеттің басты басымдығы нарық талаптары мен дамып келе жатқан өндіріске негізделген мамандарды даярлаудың жоғары сапасы болып табылады. Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары жұмыс берушілерді тарта отырып әзірленеді. Түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында профессор-оқытушылар құрамы студенттерді ғылыми-зерттеу жобаларына тарта отырып, жаңа мамандандырылған бағдарламалық технологияларды пайдалана отырып оқытады. Жыл сайын біздің студенттер студенттік конференцияларда, халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болуда.
Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы әрдайым ізденісте болады, шығармашылыққа, инновацияға бағдарланған, математика, физика, информатика, химия, биология, география мұғалімдерін, сондай-ақ заманауи ғылыми технологияларды меңгерген математика, физика, биология және экология мамандарын дайындайды. Факультетімізде көптілді білім беру жолға қойылған, білім алушыларымыз Түркия, Еуропа және Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықтан өтуде.
Факультетте Студенттік өзін-өзі басқару студенттермен үздіксіз жұмыс жүргізетін студенттік декан және студенттер кеңесінің белсенділерімен ұсынылған. Instagram, Facebook және басқа да әлеуметтік желілерде білім алушылар университет қабырғасында өздерінің бай өмірлерін көрсетіп, өз идеяларын жұртшылықпен бөлісуде.
Факультеттің түлектері үлкен әлеуетке ие, инновациялық жобаларды ынтамен әзірлейді және қоғамға пайда әкеледі. Олар алған білімдері мен дағдыларын барынша пайдалана отырып, табысты мансап жасауда.
Құрметті талапкерлер, білім алуға, кәсіби дағдылар мен құзыреттіліктерге ие болуға, тұрақты мансаптық өсуді қамтамасыз етуге біз сіздерді күтеміз және жаратылыстану ғылымдары факультетінде қойылған мақсаттарға жету үшін барлық жағдайлар жасайтынымызға сендіреміз.
Сізді қызықты оқиғаларға толы студенттік өмір күтіп тұр!
Факультет деканы Раушан Нұрділлақызы