Біз туралы
Жаратылыстану ғылымдары факультетінде 31 білім беру бағдарламасы (бакалавриат - 18, магистратура -9, докторантура -4) бойынша 1841 білім алушы оқиды. Маман дайындаумен факультеттің 4 (Математика, Физика, Биология, Экология және химия) кафедрасының оқытушы-профессорлары айналысады. Білім алушылар үшін мамандық ерекшеліктеріне сәйкес жасақталған 7 интерактивті дәрісханалар, 24 зертхана, электронды кітапхана, оқу залы, спорт кешені, 6 компьютер кабинеттері жұмыс істейді. Факультетте оқу үдерісі жаңа заман талабына сай педагогикалық иновациялық технологияларды қолдана отырып, ұйымдастырылуда. Жаратылыстану факультетінде 6 ғылым докторлары, 24 РhD доктор, 38 ғылым кандидаты жұмыс атқарады, оның ішінде 18 Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары және 5 Халықаралық Болашақ бағдарламасының стипендиясының иегері. Факультет бойынша ғылыми дәрежелі оқытушы-профессорлар 73% құрайды.
2023-2024 оқу жылында Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінің (IQAA) бағдарламалық аккредиттеу процедурасынан бакалавриат бойынша 8, магистратура бойынша 6, докторантура бойынша 2 білім беру бағдарламалары өтіп, 5 жыл мерзімге сертификатталды.
Факультеттің ғылыми - зерттеу жұмыстары жыл сайын артып келеді. 2021-2022 оқу жылында Scopus және WoS базасында 37 мақала шықты, оның ішінде Q1, Q2 – 22. 2022-2023 оқу жылында 43 мақала шықты, оның ішінде Q1, Q2 – 27, ал 2023-2024 оқу жылында 51 мақала шықты, оның ішінде Q1, Q2 - 26. Факультетте қазіргі таңда 17 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізуде: 1 халықаралық, 1 коммерциализация, 15 комитет бекіткен ғылыми жоба.
«GREEN GROWTH» клубы жұмыс жасайды. Клуб төрайымы: Әлімқұл Ақбота Сәбитқызы, Клуб жетекшісі: Әбдімүтәліп Нұрлыбек Әбдімүтәліпұлы
Факультеттің ерекшелігі
● Білім беру бағдарламалары бойынша заманауи жабдықталған зертханаларда дәріс алуы;
● Еліміздің түрлі ғылыми-зерттеу институттарында тәжірибелерін өткізуі;
● Факультетте білікті оқытушы-профессорлар құрамы үлесінің артуы;
● Тәжірибиелік дағдыларды нығайту мақсатында теориялық алған білімдерін арнайы практика базаларында жүзеге асыруы;
● Түркия Республикасы және басқа да шетелдік ЖОО-ның профессорларының факультет студенттеріне дәріс беруі;
● Академиялық ұтқырлық бойынша студенттердің шетелдік ЖОО-да білім алуы;
● Үздік оқыған студенттер Түркия мемлекеті тарапынан бөлінген квота мен грант орындарына ашық конкурс нәтижесінде ие болу мүмкіндігі;
● Студенттерге қол жетімді ақпараттардың университет және факультет сайттарында болуы;
● Кітапхана, спорт кешендері, студенттік асхана және жатақханамен қамтамасыз етілуі.