Хабарландырулар

shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Математика кафедрасы / Бакалавриат

6B01509 - Математика (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Математика кафедрасы

Халықаралық және ұлттық еңбек нарығында әлеуметтік тұрақтылықты және сұранысты болуын  қамтамасыз ететін жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерге ие жоғары білікті математика мұғалімдерін  дайындау.
Білім беру бағдарламасы білім беру процесін жүзеге асырудың инновациялық əдістері  мен  тəсілдерін  меңгерген,  жаңартылған  білім беру  бағдарламасын  меңгерген,  біліктілігі  жоғары педагогикалық кадрларға қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған.

Білім беру бағдарламасы білім беру процесін жүзеге асырудың инновациялық əдістері  мен  тəсілдерін  меңгерген,  жаңартылған  білім беру  бағдарламасын  меңгерген,  біліктілігі  жоғары педагогикалық кадрларға қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған. 
 

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (Математика) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).

Жалпы білім беретін мектептің математика мұғалімі.Техникалық  жəне  кəсіптік  білім  беру  ұйымдарының математика оқытушысы.Білім беру мекемелеріндегі зертханашы.

6B01509 – «Математика» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.