Химия және педагогика саласында білімқоры жеткілікті, педагогикалық технологияларды қолдана алатын, зерттеушілік және коммуникативтік дағдысы бар, сыни тұрғыдан ойлауға, бәсекеге қабілетті химия мұғалімдерін даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.