shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Биология кафедрасы / Бакалавриат

6B01513 - Биология (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Биология кафедрасы

Биология саласы бойынша теориялық және әдістемелік білімін, іскерлігін, дағдыларын меңгерген, оларды кәсіби қызметінде қолдана білетін, әлеуметтік-коммуникативтік дағдылары мен зерттеушілік қызметін табысты іске асыра алатын бәсекеге қабілетті білім бакалаврын даярлау;
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке,  инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті.
  • Білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескеріп, оқыту  әдістемелерін жобалап, оқу процесін жүзеге асырады. 
  • Биология ғылымының теориялық және қолданбалы аспектілерін, алған білімі  мен білігін кәсіби қызметінде қолданады.
  • Биология білім беру бағдарламасына оқуға түсушілер үшін  талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі  туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті  балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы  негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және  білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) Жоғары және жоғары оқу орнынан  кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру  ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600  бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023  жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Жалпы орта білім беретін негізгі және бейіндік мектептер; 
  • Мамандандырылған мектептер; 
  • Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдары;  
  • Ғылыми-зерттеу мекемелері және бейіндік пәндер зертханалары;  мемлекеттік басқару ұйымдары және т.б. жатады