Халықаралық және ұлттық еңбек нарығында сұранысты және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ететін жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерге ие математик бакалаврларды дайындау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін іске асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы дайындық бағыты бойынша бітірушінің дайындық сапасын бағалауды регламенттейді және білім алушылардың дайындық сапасын және тиісті білім беру технологиясын іске асыруды айқындайтын материалдарды қамтиды.