shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Физика кафедрасы / Магистратура

7M01506 - Физика (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Физика кафедрасы

Бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау үшін теориялық және практикалық білімді қолдануға қабілетті, кәсіби және жалпымәдени құзыретіліктерді меңгерген ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Физиканы оқытудың қазіргі заманғы әдістері туралы білімдерді, оқыту проблемалары туралы ақпаратты ажыратып және алынған ақпаратты талдап, физиканы оқытуда креативтілікті диагностикалаудың әдістерін, оқу нәтижелерін бағалаудың заманауи құралдарын меңгеріп, әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырып, кері байланысты жүзеге асырып, өлшенетін критерийлер және оқыту нәтижесін бағалайды.
  • Физиканы оқыту әдістемелерін, жаңартылған мазмұндағы сабақ құрылымын  әзірлеп, іске асыра отырып, физикалық практикумдарды, тәжірибенің барлық түрлерін өз бетінше ұйымдастырып, өткізіп, физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеп, компьютерлік модельдерді заманауи талаптарға сәйкес дамытады.
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Білім, ғылым, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және нысандағы орта білім беру ұйымдары;
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;
  • Жоғары оқу орындары;
  • Ғылыми-зерттеу институттары;
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары;
  • Білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.