shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Экология және химия кафедрасы / Магистратура

7M01535 - Химия (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Экология және химия кафедрасы

Оқытудың  инновациялық  технологияларын  меңгерген,  теориялық  және  эксперименттік  химия  саласында  жүйеленген  білімі, іскерліктері  мен  дағдылары  бар, еңбек  нарығында  сұранысқа  ие  жоғары  білікті  химик-педагогтарды  даярлау.
Білім  беру  бағдарламасы  магистранттардың  біліктілігі  мен  қабілетін  жетілдіріп, педагогикалық  қызметін  табысты  жүзеге  асыруға  бағыттайды  және  жеке  зерттеулері  арқылы  үлес  қосып  жаратылыстану  ғылымының  кеңістігін  халықаралық  деңгейде  кеңейтуді  көздейді.

  • Халықаралық  ғылыми  дерекқор  базасының  өнімдерін  қолданып, ғылыми  этикаға сай, академиялық  адалдықтың  қағидаттарын  сақтай  отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының  нәтижесінде  ғылыми  еңбектер  дайындайды 
  • Мәселені шешуде өз ойын командада нақты жеткізе отырып, қақтығыстарды шешуде мүмкіндіктері мен шектеулерін түсінуге, жаңа шешімдерді қорытындылауда, өзінің пікірін ұжым пікірімен ұштастырады.
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • білім  беру, химия  өнеркәсібі  саласындағы  мемлекеттік  органдар; 
  • Химия, экология, фармацевтика, металлургия, мұнай-химия, газ және  көмір профильдері  ғылыми-зерттеу  институттары; 
  • Білім  беру  жүйесі  қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау  институттары;
  • Білім  беру  саласындағы  уәкілетті  және жергілікті  атқарушы  органдар.