Хабарландырулар

shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Математика кафедрасы / Магистратура

7M01547 - Математика (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Математика кафедрасы

Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын меңгерген,  математика саласында теориялық және практикалық жүйеленген білімі, іскерліктері мен дағдылары бар, еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті математик-педагогтарды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).

Математикалық әдістер мен компьютерлік технологияларды пайдаланатын салалардағы ғылыми-зерттеу қызметі; процестер мен объектілерді математикалық модельдеуді және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып әр түрлі есептерді шешу; жаратылыстану, техника, экономика және басқару есептерін шешудің тиімді әдістерін әзірлеу; ғылыми, зерттеу, жобалау-конструкторлық қызметті бағдарламалық-ақпараттық қамтамасыз ету; математикалық циклдер және компьютерлік ғылымдар пәндерін оқыту.