shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Физика кафедрасы / Докторантура

8D01503 - Физика (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Физика кафедрасы

Әлемдік еңбек нарығы талаптарына сай жалпымәдени және кәсіби құзыретіліктерді меңгерген бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Заман талабына сай оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда педагогикалық жобалау, педагогикалық технологиялар, педагогикалық техника мүмкіндіктерін бағалайды.
  • Ғылыми педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық сипаттамалары негізінде зерттеулерді жүргізу үдерісін ұйымдастырып, педагогикалық диагностика жасау сияқты өзекті мәселелерді айқындайды.
  • Түсушілерге қойылатын талаптар: Докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.
    Докторантураға тұлғаларды қабылдау шет тілін маңгерудің жалпыеуропалық құзіреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
    Шетел азаматтарын докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
    Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • Кәсіби қызметінің объектілері: ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу зертханалары, конструкторлық және жобалау бюролары, фирмалар мен компаниялар; жоғары оқу орындары, мемлекеттік білім беру ұйымдары және білім беру кәсіпорындары, сондай-ақ мемлекеттік емес білім беру ұйымдары; министрліктер, тиісті бейіндегі мемлекеттік басқару органдары.