Факультет тарихы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрамындағы Жаратылыстану ғылымдары факультеті 2007-2008 оқу жылындағы №5 (07.07.2007ж.) Сенат мәжілісінің шешімі негізінде университеттің құрылымдық өзгерістеріне байланысты №1/205 (29.08.2007ж.) бұйрыққа сәйкес Ақпарттық жүйелер және технологиялар факультетінен бөлініп шыққан.
Факультетті басқарғандар:
● 2007-2008 ж.ж. – доктор Хусейн Челеби;
● 2008-2013 ж.ж. – ф-м.ғ.д., профессор Жумабаев Мыктыбек Жандарбекович;
● 2013-2014 ж.ж. – б.ғ.к. Бостанова Ардак Муратовна;
● 2014-2017 ж.ж. – техн.ғ.д., профессор Ажиханов Нурлан Тобаханович;
● 2017-2023 ж.ж. – ф-м.ғ.д., профессор Баканов Галитдин Баканович.
● 2023-2024 ж.ж. – PhD, Исабеков Жанібек Назарбекұлы
2024 жылдың қыркүйек айынан факультетті химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрділлаева Раушан Нұрділлақызы басқарады.
Факультет бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде 31 білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар дайындайды. Мамандарды дайындауды төрт кафедраның профессорлары мен оқытушылары жүзеге асырады: «Математика», «Физика», «Биология» және «Экология және химия». Мамандық ерекшеліктеріне сәйкес білім алушыларға арнайы зертханалар, интерактивті тақтасымен оқу кабинеттер, электронды кітапхана, оқу залы, кешенді спорт залы мен компьютерлік кабинеттер қызмет көрсетеді.
Жаратылыстану ғылымдары факультетінің ұжымы елімізге жас мамандар даярлауда, еліміздің болашағы үшін өз үлесін қосуда