• image image image image
  • shape
    shape

    Жетістіктер

    Филология факультетінің негізгі жетістіктері:

    • Қазақ филологиясы кафедрасы: 
      • 2026-2027 оқу жылы қауымдастырылған профессор Пакизат Адиеваның авторлық «Қазақ әдебиетін оқыту теориясы мен технологиясы» курсы әлемге танымал Coursera халықаралық білім беру платформасында жарияланды. Бұл курс ұлттық әдеби білім мазмұнын халықаралық деңгейде танытуға бағытталған.
    • Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы: 
      • Кафедра меңгерушісі Меруерт Ергеходжаевна «2025 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпазы атанды.
      • Қауымдастырылған профессор Гүлнара Ризаходжаева халықаралық беделді CELTA сертификатын иеленді.
      • PhD Лазура Қазыханқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялаған ең көп дәйексөзделген қазақстандық ғалымдар тізіміне енді.
      • АҚШ Бас консулы Питер Кауфманның арнайы сапары аясында English Access Scholarship Program бағдарламасы бойынша PhD Жанар Байымбетова STEM бағытындағы студенттерге ағылшын тілін оқытып, халықаралық тілдік құзыреттіліктерін арттыруда.
    • Ағылшын филологиясы және аударма ісі кафедрасы: 
      • Студенттер 2025-2026 оқу жылы Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды: Раъно Акрамкулова — III орын, Ақниет Жәми — III орын, Магомед Нурахмаев — II орын, Кәусар Жәнібек — II орын.
    • Түрік филологиясы кафедрасы: 
      • 2025-2026 оқу жылы Кафедраның ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында «B035 – Түркітану» білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиада өткізілді.
      • PhD Сенбек Утебековтің «Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы (морфология)» және PhD Жұмағали Ибрагимовтің «Көне түркі тілі және қазақ диалектілері сөздік қорының тарихи сабақтастығы» атты фундаменталды монографиялары жарық көрді.