shape
shape

Деканның хабарламасы

Деканның хабарламасы

Құрметті білім алушылар,

Университет адамзат пен табиғатқа байланысты түрлі ғылым салалары бойынша жоғары деңгейде білім беретін, қоғам мен тұлғаның дамуына орасан зор пайдасын тигізетін білім беру және зерттеу ошағы болып табылады. Әлеуметтік ғылымдарға байланысты факультеттер қоғамның ұлттық болмысын дамыту, дербес және ғылыми тұрғыдан ойлай алатын жастарды тәрбиелеу және мәдени құндылықтарды бойға сіңіру сынды маңызды қызметтер атқарады. Филология факультеті де осы аяда тілдердің құрылымын, тарихи дамуын және бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін кафедралармен және білім беру бағдарламаларымен іс атқаратын факультет. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университетінің қарамағында тіл, пікір және істен тұратын бірліктің негізін қалыптастыру үшін Түркі әлемінің ортақ сана және ортақ танымын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізіп келеді. 

Факультетіміздің Қазақстан мен Түркиядан және басқа да елдерден келген білікті ғалымдар қызмет етуде. Оқытушы-профессорларымыз өз білімдері мен білгендерін шәкірттерге беру үшін бар күшін салуда. Сондықтан да сабақтан бөлек қосымша семинарлар, басқосулар, ғылыми кездесулер және әр түрлі форматтағы ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Факультетте тек Қазақстан мен Түркиядан емес, түркі әлемінің барлық жерлерінен келген жастарға тіл және әдебиет салаларына байланысты білім берілуде. Түрік филологиясы, Қазақ филологиясы, Ағылшын филологиясы және аударма ісі, Орыс тілі және әдебиеті, Ағылшын тілі және әдебиеті мұғалімі, Қытай тілі т.б. мамандарын даярлайтын Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы және білім беру бағдарламалары бойынша оқып жатқан жастарымыз бітіргеннен кейін де қаласа, өз мамандықтарына сәйкес магистратура және докторантурада оқи алады. Одан әрі ғылымға қадам басады. Түлектеріміздің бір тобы әртүрлі оқу орындарында мұғалім, әртүрлі  мекемелерде аудармашы және маман ретінде қызмет атақару мүмкіндігіне ие болуда. Түлектеріміздің факультетімізде алған білімдері арқылы түркі әлемі мен бүкіл адамзатқа қызмет ететініне сенім білдіреміз.

Док., доц. Абдулкадир Өзтүрк