• image image image image
  • shape
    shape
    Жаңалықтар
    Blog Image

    Ахмет Ясауи университетінің қауымдастырылған профессоры халықаралық CELTA сертификатына ие болды

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры Гүлнара Ризаходжаева ағылшын тілін оқыту саласындағы беделді халықаралық CELTA (Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages) сертификатына ие болды.

    CELTA – Cambridge English тарапынан ұсынылатын, ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту бойынша педагогтердің кәсіби біліктілігін растайтын және халықаралық деңгейде кеңінен танылған сертификат. Аталған бағдарлама оқытушылардың заманауи оқыту әдістемелерін меңгеруіне, практикалық педагогикалық дағдыларын жетілдіруіне және кәсіби құзыреттілігін арттыруына бағытталған.

                Гүлнара Ризаходжаеваның бұл жетістігі – оның кәсіби шеберлігін шыңдауға, үздіксіз ізденуге және білім беру сапасын арттыруға деген ұмтылысының айқын көрінісі. Сонымен қатар бұл табыс университеттің академиялық әлеуетін нығайтуға және білім беру үдерісінде халықаралық тәжірибені кеңінен қолдануға ықпал етеді.

    Университет ұжымы Гүлнара Ризаходжаеваны халықаралық деңгейдегі кәсіби жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы ғылыми-педагогикалық қызметіне табыс, шығармашылық ізденіс пен жаңа белестер тілейді.