Инклюзивті білім беру қағидаттарын ескере отырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулер, оқу-тәрбие процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын меңгерген, әлеуметтік, азаматтық сауаттылығы мен терең пәндік білімі бар, инновацияларға ашық, мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті орыс тілі мен әдебиеті креативті көшбасшы мұғалімдерін даярлау.
Білім беру бағдарламасы кәсіби қызметке қажет іргелі білім, дағды және құзіреттіліктері; экологиялық, этикалық, құқықтық және ойлау мәдениеті; тілтанымдық білімі мен білігі; жалпы адами және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтары қалыптасқан, Қазақстан Республикасы халықтарының достығына, толеранттылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиеленген орыс тілі мен әдебиеті бакалаврын сапалы дайындайды. Дублин дескрипторының талаптарына сәйкес білім беру бағдарламасы әртүрлі кәсіптік құзыреттерді қалыптастыру үшін пәндердің траекториясын таңдаудың алуан түрімен ерекшеленеді. Білім беру бағдарламасының пәндері еңбек нарығына қажетті негізгі кәсіптік құзыреттерді қалыптастырады.
6В01717–Орыс тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсыру қорытындысы байқауынан – «кіріс» сынағынан сәтті өткен болуы қажет. Бағыттың ерекшелігіне қарай шығармашылық емтихандар тапсырады. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
Болонья/Болон- ақпараттық жүйесін пайдаланыңыз.
6В01717- Орыс тілі мен әдебиет ЭК 2023-2027 тексерілген
6В01717- скан Орыс тілі мен әдебиеті ЭК 2022-2026
6В01717- СКАН Орыс тілі мен әдебиеті ЭК
БББ 6В01717 - Орыс тілі мен әдебиеті
6В01717-Орыс тілі мен әдебиеті 2 курс
6В01717-Орыс тілі мен әдебиеті 3 курс
6В01717-Орыс тілі мен әдебиеті 4 курс
Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
Бакалавр жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, білім департаментінің құрылымдарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында - тілшілер, редакторлар, дикторлар, корректорлар; мемлекеттік басқару органдарында-мәдениет, білім, ақпарат бөлімдерінің қызметкерлері және т. б. жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.