shape
shape

Бағдарламалар

Филология факультеті / Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы / Магистратура

7M01708 - Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-түрік)

Course Image Филология факультеті Педагогикалық шетел тілдері кафедрасы

Халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби, коммуникативтік, мәдениетаралық, ақпараттық, стратегиялық құзыреттіліктің жоғары деңгейімен қойылған кәсіби міндеттерді шешу және шетел тілінің теориясы мен практикасының өзекті мәселелерін талдау үшін сыни ойлау стилі мен креативтілікті меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай,  академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды 
    Академиялық адалдық шеңберінде ғылыми этикаға сай ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға, жобалауға, жүргізуге, салыстыруға және ғылыми дерекқорлармен, ғылыми баспалармен жұмыс жасауға, олардың өнімдерін пайдалануға қабілетті 
    шетел тілі теориясы мен практикасында өзекті мәселелерді тәуелсіз және сыни талдауды жүзеге асырады, өздерінің ғылыми зерттеулеріне талдау нәтижелерін қолдана отырып, психологиялық, педагогикалық және филологиялық ғылымдар саласындағы зерттеулерді жүргізе алады .
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.
  • Білім, ғылым, мәдениет, мемлекеттік қызмет, жеке және қоғамдық ұйымдар.
  • Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық түрдегі және    нысандағы орта білім беру ұйымдары.
  • Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары.
  • Жоғары оқу орындары.
  • Ғылыми-зерттеу институттары.
  • Білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары.
  • Білім беру саласындағы уәкілетті және жергілікті атқарушы органдар.