Қазіргі тіл білімі мен әдебиеттану саласында ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, филология ғылымының жаңа перспективалық бағыттарына арналған ғылыми ақпаратты жинауға, өңдеуге, талдауға, қорытындылауға, дербес жүйелі және креативті әдістерді таңдауға, қолдануға қабілетті, сондай-ақ сыни тұрғыдан ойлай алатын маман даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.