Филология саласында іргелі теориялық-әдіснамалық базасы бар, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ғылыми зерттеулер жүргізе алатын, халықаралық нарықта сұранысқа ие құзыретті мамандар дайындау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.