Тіл білімі және әдебиеттанудың заманауи ғылыми парадигмасы мәселелерінде зерттеудің әдіснамалық принциптерін меңгерген, білім беруде, оқытуда, зерттеулік тәжірибеде оны қолдана алуға қабілетті жоғары білікті педагогикалық кадрларды даярлау.
Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және тыңдаушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.