Білімгер
Дайындық орталығы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 06.10.1997 жылғы №1/447 бұйрығымен ашылды. Құрылған кезінен бастап Қазақстандық және Түркиялық болып Түркі дүниесінен келетін білім алушылар түрік, қазақ, орыс және ағылшын тілін курс жүйесіне қарай үйренуде. Білім алушылар, Дайындық факультетінде күз және көктем жарты жыл, 2 семестр бойынша тек қана тіл үйренеді. Дайындық факультетінде оқитын білім алушылар, топтарға бөлініп, әр топта 2 тілде білім алады. Білім алушылар, тіл үйренгеннен кейін факультеттерді таңдай отырып, өз мамандықтарын 4 тілде жалғастыра алады.
Дайындық орталығының білім алушылары 4 түрлі топқа бөлінеді. Бірінші топ Түркия квотасындағы білім алушылар (TK): бұл білім алушылар Қазақстан азаматтары, Түркия Республикасының шәкіртақысына ие. Екінші топ Түркі дүниесінен келген тыңдаушылар (TD): бұл тыңдаушылар, әр түрлі мемлекеттерден және Түркі Мемлекеттерінен келеді және Қазақстан Республикасының шәкіртақысына ие. Түркі дүниесі үшін 200 грант бөлінеді. Үшінші топ Түркия Республикасынан келген тыңдаушылар; бұл тыңдаушылар Қазақстан Республикасының шәкіртақысына ие. Төртінші топ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тыңдаушылар. Қандас бауырлар тобының тыңдаушылары бір жыл бойы ҰБТ-не дайындалады.
Білім беру бағдарламасы
Білімгер
Жұмыспен қамтылған
ОПҚ
Ахмет Ясауи Университеті