Халықаралық дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 30 наурыз күні Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты – Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттеріндегі конституциялық даму үдерістерін салыстыра талдау, құқықтық мемлекет қалыптастырудағы заманауи бағыттарды айқындау және тәжірибе алмасу болды.
Дөңгелек үстелдің модераторы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Конституциялық және азаматтық құқық» кафедрасының меңгерушісі Першеев Алишер Сапарбекович жүргізді.
Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар мен тәжірибелі мамандар қатысып, өзекті мәселелер бойынша мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда:
Қасымбек Әлия Орынбасарқызы – Заң факультетінің деканы, PhD
Холмўминов Жуманазар Тоштемирович – Ташкент мемлекеттік заң университетінің заң ғылымдарының докторы, профессор
Медетов Алимардин Шахмардинович – адвокат, PhD
Примов Бахтиёр – Ташкент мемлекеттік заң университетінің PhD аға оқытушы,
Ибраев Жандос Габитович – Заң факультеті деканының орынбасары, PhD
Алимбаева Ақтолқын – «Қылмыстық құқық» кафедрасының меңгерушісі
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар екі елдің конституциялық дамуындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді талқылап, құқықтық мемлекет қағидаларын нығайтудағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы заманауи үрдістер кеңінен қарастырылды.
Іс-шара ғылыми пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар құқықтық мемлекет құру жолындағы бірлескен зерттеулер мен ғылыми байланыстарды одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.
Емтихан кестесі
Digital Law Hackathon
Халықаралық дөңгелек үстел өтті
Заң факультетінде халықаралық конференция өтті
«Халықаралық құқық және мемлекеттердің күш қолдануы»
"Scopus, Web of Science журналдарында мақала жариялаудың лайфхактары"
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері
Күміс университеті жобасы
Хабарландыру
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік 