shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Ғалымдардың Хирш индексін және ғылыми мақалалардың цитаталануын арттыру мүмкіндіктері

2025 жылдың 3 желтоқсанында университеттің ғылым департаменті ұйымдастырған
«Ғалымдардың Хирш индексін және ғылыми мақалалардың цитаталануын арттыру мүмкіндіктері» тақырыбындағы шеберлік сағаты жоғары ғылыми деңгейде өтті.

Назарбаев университетінің профессоры, PhD Аднан Языджы ғылыми өнімділікті арттырудың халықаралық тәжірибесіне тоқталып, қазіргі ғылыми кеңістікте зерттеушілердің бәсекеге қабілетті болуы үшін маңызды бірнеше бағытты атап өтті.

Атап айтқанда:
– халықаралық индексацияланған журналдарға шығудың тиімді стратегиялары;
– жоғары сапалы мақаланың құрылымы мен мазмұндық талаптары;
– зерттеу нәтижелерін дұрыс ілгерілету және көрінуін күшейту (visibility);
– ғылыми этика, авторлық жауапкершілік және дәйексөз мәдениеті;
– жеке ғылыми бренд қалыптастыру және зерттеушінің академиялық екпінін арттыру құралдары.

Шеберлік сағатына заң факультетінің «Конституциялық құқық және азаматтық құқық» кафедрасының профессор-оқытушылары мен докторанттары қатысты. Дөңгелек форматтағы талқылауда ғылыми қаламды дамыту, мақалалардың сапасын арттыру және құқық саласындағы зерттеулердің халықаралық деңгейде танылуын кеңейту мәселелері қозғалды.

Бұл кездесу құқықтық ғылымдағы өзекті сұрақтарды жаңа қырынан қарастыруға, зерттеушілердің жарияланым белсенділігін арттыруға және университет ғалымдарының ғылыми әлеуетін нығайтуға айтарлықтай ықпал етті.

Университеттің құқық саласындағы ғылыми мектебін дамыту — еліміздің құқықтық мәдениетінің де өркендеуіне үлес қосатын маңызды қадам.