Цифрлық еңбек құқықтары: серіктестік пен ғылыми диалогтың жаңа белесі
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің заң факультеті (Шымкент қаласы), «Азаматтық құқық және азаматтық процесс» кафедрасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің қабылдануына 10 жыл толуына орай ұйымдастырған «Қоғамды цифрландыру жағдайындағы әлеуметтік-еңбек құқықтық қатынастарының трансформациясы: теория мен практика мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.
Осы маңызды жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті заң факультетінің Ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары, PhD, аға оқытушы Ибраев Жандос Габитович қадірлі қонақ ретінде арнайы қатысып, ғылыми ортадағы мазмұнды пікірталасқа өз үлесін қосты.
Zhandos IG дөңгелек үстелде «Цифрлық дәуірдегі еңбек қатынастарының трансформациясы» тақырыбында өзекті баяндама жасап, еңбек құқық қатынастарының жаңа шынайылықтағы өзгеріс динамикасына, цифрлық платформалар ықпалына және құқықтық реттеудің жаңару қажеттілігіне ерекше тоқталды. Оның талдауы теория мен практиканы ұштастырып, қатысушыларға нақты бағыт-бағдар ұсынған мазмұнды ойларымен құнды болды.
Ең бастысы бұл басқосу екі университет арасындағы ғылыми ықпалдастықтың берік екенін айқын көрсетіп, академиялық серіктестіктің көкжиегін кеңейте түсті. Осындай жүйелі ғылыми байланыстар құқықтық білім мен зерттеудің сапасын арттырып қана қоймай, ортақ кәсіби кеңістікте тұрақты тәжірибе алмасуға жол ашады.
Digital Law Hackathon
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ БАҒЫТЫ»
Халықаралық дөңгелек үстел өтті
Заң факультетінде халықаралық конференция өтті
«Халықаралық құқық және мемлекеттердің күш қолдануы»
"Scopus, Web of Science журналдарында мақала жариялаудың лайфхактары"
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері
Күміс университеті жобасы
Хабарландыру
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік
Хабарландыру! 