shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Заң факультетінің Күміс университеті жобасы аясында ұймдастырып жақан курстың кезекті дәрісінде «Мұрагерлік қатынастарды реттеуде нотариустың рөлі және құжаттарды дұрыс рәсімдеу» тақырыбы қызу талқыланды.

Дәріске  Түркістан облысы аймақтық нотариалдық палатасының мүшесі, нотариус Аяшева Айсара Нұрмаханқызы арнайы шақырылып нотариаттық қызметтегі өз тәжірибесімен бөлісіп, мұрагерлік істерді жүргізуде кездесетін өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар бүгінгі мұрагерлік құқықты қолдану тәжірибесі, мұрагерлік істерді рәсімдеу тәртібі, нотариаттық әрекеттердің ерекшеліктері және мұраны қабылдау тәртібі, өсиетті рәсімдеу, мұрагерлік құқық туралы куәлік беру мәселелері нақты практикалық мысалдар арқылы түсіндірілді.
Сабақ барысында курс тренері Иманбекова Маншук Мажитқызы қатысушылармен пікір алмасып, мұрагерлік құқық нормаларын дұрыс қолданудың маңыздылығына тоқталды.
Курс аясындағы сабақтар теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, нотариаттық рәсімдердің мазмұнын түсіндіруге және құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған.