«Көшбасшылық мәдениеті» семинары өтті
Заң факультетінде Қазақстан студенттер альянсымен бірлесіп, студенттердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға бағытталған «Көшбасшылық мәдениеті» атты семинар өтті.
Семинар барысында көшбасшылық мәдениеті, тиімді коммуникация, жауапкершілік, командалық жұмыс, сондай-ақ студенттердің университет өміріне белсенді қатысуының маңыздылығы талқыланды. Қатысушылар спикерлермен пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Семинар спикерлері:
* Першеев Алишер Сапарбекович – заң факультеті деканының ғылым және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
* Қалықұл Аружан – кәсіптік бағдар беру және маркетинг бөлімінің басшысы;
* Серик Қалдан – Қазақстан студенттер альянсының республикалық төрағасының орынбасары.
Іс-шара студенттерге көшбасшылық әлеуетін дамытуға, жаңа тәжірибе жинақтауға және қоғамдық әрі университеттік өмірге белсенді қатысуға мүмкіндік берді.
«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуіріндегі ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиум өтетінін хабарлаймыз.
«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ»
«Жаңа Конституция: адвокатураның рөлі және құқық қорғау тетіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел
Отбасы – өмірдің алтын арқауы
Digital Law Hackathon
Халықаралық дөңгелек үстел өтті
Заң факультетінде халықаралық конференция өтті
«Халықаралық құқық және мемлекеттердің күш қолдануы»
"Scopus, Web of Science журналдарында мақала жариялаудың лайфхактары"
Азаматтық құқықтық пәндер бойынша лекция сабағын өткізудің инновациялық әдістері
Күміс университеті жобасы 