shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Халықаралық қатынастар кафедрасы / Бакалавриат

6B03138 - Халықаралық қатынастар бакалавриат бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Халықаралық қатынастар кафедрасы

сыртқы саясат, халықаралық қатынастар және дипломатия саласындағы базалық білімі, аналитикалық және практикалық дағдылары бар, іскерлік және мәдениетаралық коммуникациялар қасиеттерін меңгерген, өзін-өзі дамытуға, өзгермелі жаһандану жағдайларына бейімделуге және бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • халықаралық қатынастар тарихының әртүрлі кезеңдерін, мемлекеттердің өзара қарым-қатынасындағы өзекті мәселелерді, интеграциялық процестерді, аймақтану процестерін, жаһандану процестерін, мемлекеттердің даму деңгейін, халықаралық конвенцияларды, геосаяси жағдайды, қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың, әлемдік саясаттың, халықаралық тәртіптің жай-күйі мен дамуын талдайды, халықаралық қатынастардағы жаңа трендтерге, халықаралық және аймақтық проблемаларға бағдарланады
  • халықаралық қатынастардың негізгі теорияларын, құрылымдарын, акторларын, қазіргі кездегі өзекті мәселелерін, халықаралық ҚР сыртқы саясатындағы көпжақты және интеграциялық дипломатия процестерін, халықаралық қатынастардың әлемдік саяси жүйесінің олардың тарихи, гуманитарлық, экономикалық және құқықтық шарттылығындағы дамуын талдайды

 

  • Халықаралық қатынастар бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін)Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • ЖОО-дарында «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы; ЖОО-дарында Халықаралық қатынастар бөлімдері,   ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми-зерттеу орталықтары, ақыл-ой орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйым, елшілік пен консулдық мекемелер, жергілікті және облыстық әкімшіліктердегі халықаралық қатынастар бөлімі, министрліктердің халықаралық қатынастар бөлімі, БАҚ.