shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Менеджмент және туризм кафедрасы / Бакалавриат

6B04140 - Менеджмент бакалавриат бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Менеджмент және туризм кафедрасы

Бизнес менеджментте жоғары деңгейлі қолданбалы білімдер мен басқарудың замануи бағыттарының теориялық және тәжірибелік негіздерін игерген ұйымдастырушылық, талдаушылық, көшбасшылық қабілеттерге ие бәсекеге  қабілетті мамандар даярлау.

Білім беру бағдарламасы білім беру үдерісін жүзеге асырудың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, шарттары мен технологияларын, осы саладағы түлектердің дайындық сапасын бағалауды реттейді және білім алушыларға арналған оқыту сапасын қамтамасыз ететін материалдарды және тиісті білім беру технологияларын енгізуді қамтиды.

  • Экономикалық және әлеуметтік процестерді талдауда математикалық моделдеу, статистикалық деректерді өңдеу, ұйымның қаржылық операцияларын есепке алу  әдістері мен құралдарын  қолдана отырып талдаушылық функцияны жүзеге асыру.
  • Тұтынушылармен өзара қарым қатынас процесін тиімді жүзеге асыруда маркетингтік құралдарды  қолдана отырып, әлеуметтік ортада басқарушылық шешімдерді қабылдау.
  • Қаржылық шығындардан қорғану шараларын қарастыруда дағдарысқа қарсы басқарудың заманауи әдістерін қолдана отырып, компанияның бизнес  іс-әрекетін ұйымдастыру мен басқаруға қабілетті .
     
  • Менеджмент бағдарламасына оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады. (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін) (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Экономиканың нақты секторы, қаржылық – банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік.
  • Стратегиялық басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйым қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша басқарушылық зерттеулер.
  • Обьектілерде ұйымдастырушылық – экономикалық және басқарушылық қатынастардың тиімді жүйесін құру және қолдану үшін басқарушылық зерттеулер.
  • Стратегиялық және тактикалық жоспарлау әдістері, ережелері мен процедуралары.
  • Талдау, есептік – нормативтік, кеңес беру қызметтері.
  • Басқарудың ғылыми – әдістемелік және ұйымдастырушылық – әдістемелік базасын құру.
  • Ұйымдастырушылық жобалау және жобаларды техникалық – экономикалық негіздеу болып табылады.