shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Құқықтану кафедрасы / Магистратура

7M04222 - Құқық магистратура бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Құқықтану кафедрасы

  • Құқықтың нақты салаларының теориясы мен практикасының соңғы жетістіктерін сыни бағалай отырып, халықаралық және ұлттық құқық нормаларын практикалық қолдану және кәсіби түсіндіру дағдыларын көрсетеді.
  • Коллизиялар мен заңдағы олқылықтарды анықтай отырып, әртүрлі деңгейдегі нормативтік-құқықтық актілерді және оларды жетілдіру тетіктерін әзірлейді.
     
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
  • Мемлекеттік қызмет пен басқарудың атқарушы және өкілетті органдары.
  • Адвокатура. 
  • Соттар. 
  • Банктер. 
  • Әділет органдары. 
  • Сақтандыру және аудиторлық компаниялар. 
  • Нотариустар.
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдар. 
  • Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары оқу орындары. 
  • Ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары. 
  • Сондай-ақ магистрлер доктор академиялық дәрежесін (Ph.D.) алу үшін өз білімін жалғастыра алады.