Нормативті құжат: ҚР ҒЖБМ 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығы.
ҚР ҒЖБМ 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығы (орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 бұйрығы).
Білімі туралы құжаттардың телнұсқалары және оларға қосымшалар (бұдан әрі - телнұсқа) жоғалған немесе жарамсыз болып қалған адамдардың орнына, сондай-ақ өзінің тегін (атын, әкесінің атын (ол болған кезде)) өзгерткен адамдарға беріледі. Телнұсқа өтініш берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей тегін негізде беріледі.
Өтініш беру тәртібі:
- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттың телнұсқасын алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ басшысының атына өтініш жібереді. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация) арқылы;
- «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш жолдайды;
- білімі туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар өз бетінше Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-не жүгінуі қажет.
Байланыс нөмерлері: 8 (72533)6-36-36.