Білімгер
Экономика және басқару факультетінің атауы мен құрылымы бірнеше рет өзгергеніне қарамастан, ол университет ашылған күннен бастап қалыптасқан алғашқы факультеттердің бірі болып табылады. Факультет түлектері бүгінгі таңда елімізде ғана емес, алыс және жақын шетелдерде де табысты еңбек етіп, түрлі салаларда кәсіби жетістіктерге қол жеткізуде. Қазіргі уақытта факультет үш деңгейде – бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша 16 білім беру бағдарламасы аясында еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлайды. Атап айтқанда, 7 бакалавриат, 7 магистратура және 2 докторантура бағдарламаларында барлығы 657 білім алушы білім алады. Факультетте білім беру процесін Менеджмент және туризм, Мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар, Экономика, Қаржы және бухгалтерлік есеп кафедраларының профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді.
Студенттер интерактивті дәріс залдарына, 1С бухгалтерлік бағдарламалық қамтамасыз етуіне, заманауи аудиторияларға, спорт кешеніне және компьютерлік зертханаларға еркін қол жеткізе алады.Факультетте білім алушылардың құрамы халықаралық сипатқа ие. 16 білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 657 студенттің қатарында Түркия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Ауғанстан және басқа да елдерден келген жастар бар. Сонымен қатар, факультетте жақын және алыс шетелдерден келген ғалымдар да қызмет атқарады.
Білім беру бағдарламасы
Білімгер
Жұмыспен қамтылған
ОПҚ
Ахмет Ясауи Университеті