«Жемқорлық – індет, жою – міндет» тақырыбында тәрбие сағаты өтті
Экономика және басқару факультетінің «Халықаралық қатынастар» кафедрасында «Жемқорлық – індет, жою – міндет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын дәріптеу болды.
Кездесу барысында қатысушылар жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер зияны, оның экономикалық және әлеуметтік салдары туралы пікір алмасты. Студенттер өз ойларын ортаға салып, адал еңбектің және жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.
Шара соңында қатысушылар «жемқорлықпен күрес – әр азаматтың борышы» деген ортақ пікірге келді. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел болашағына бей-жай қарамайтын белсенді ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған.

Емтихан кестесі
ТЕҢДІКТІ ТҮСІНУ: БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕМ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ ДАҒДАРЫС
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ҚАРУЛАНУ ЖӘНЕ ҚАРУСЫЗДАНУ
БҰҰ-НЫҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНДА ТҮРКИЯ-ГРЕКИЯ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
Біріккен ұлттар ұйымының 80 жылдығы және Түркияның БҰҰ жүйесіндегі орны
Азаматқа қызмет ету:бір кәсіби маманнын біріккен ұлттар ұйымындағы жолы
Халықаралық көші-қон үдерісі
Таяу шығыстағы соңғы оқиғалар аясында ирактың геосаяси маңызы 