shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Заң және тәртіп – құқықтық мемлекет пен тұрақты қоғамның негізі» атты ақпараттық-танымдық кездесу

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ТҰРАҚТЫ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Экономика және басқару факультетінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында білім алушыларға арналған ақпараттық-танымдық кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығы мен мәдениетін арттыру, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіптің маңызын түсіндіру, сондай-ақ экономикалық құқық бұзушылықтар мен қаржылық алаяқтықтың алдын алу.

Кездесуге арнайы қонақ ретінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Криминалистика бөлімінің бас криминалисті Қайырхан Мустафаев қатысты. Кездесу модераторы – Экономика және басқару факультетінің ғылым және тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Үміт Малден.

Кездесу барысында Қайырхан Мустафаев құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттары, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігі және экономикалық қылмыстардың қоғамға тигізетін зардаптары туралы баяндады. Сонымен қатар заңсыз ақша аударымдары, дропперлік және заңсыз ақша айналымы секілді құқық бұзушылықтар жөнінде ақпарат беріп, олардың жүзеге асырылу тәсілдерін нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Жиын соңында Экономика және басқару факультетінің деканы Мақпал Анламасова Қайырхан Мустафаевқа жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлес қосып, маңызды ақпарат бергені үшін алғыс білдірді. Білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Іс-шара студенттердің заңға құрметпен қарау, жауапкершілікті сезіну және академиялық адалдық қағидаттарын ұстану туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік берді.