shape
shape
Іс-шаралар
Blog Image

«Экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыру»

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында «Қаржы» білім беру бағдарламасының білім алушыларына экосағат өткізілді. Іс-шараны топ эдвайзері Малден Үміт ұйымдастырды.

Экосағат барысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және әр азаматтың экологиялық жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды. Білім алушылар табиғатты аялау, тазалықты сақтау және экологиялық бастамаларға белсенді қатысу жөнінде өз ойларын ортаға салды.