МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Экономика және басқару факультетінің Менеджмент және туризм кафедрасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бірлесуімен «Мемлекеттік қызметте жастарға берілген мүмкіндіктер» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Суртеков Дархан Аширханұлы және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ережепова Жанар Тугельбаевна қатысты.
Семинарды Суртеков Дархан Аширханұлы ашып беріп, қазіргі кездегі мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып, жастарға мемлекеттік қызметке келудің жолдары, кәсіби даму мүмкіндіктері және мемлекеттік аппараттағы еңбек этикасы жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Экономика және басқару факультетінің деканы Узын Иылмаз өз кезегінде Қазақстан Республикасының мемлкеттік қызметте ұсынылып отырған мүмкіндіктері университетіміздің білім алушыларына ұсынылып отырыған үлкен мүмкіндік екен айтып өтті.
Сонымен қатар семинарда «Жас мемлекеттік қызметші» мектебінің алғашғы түлегі
Ыдырысұлы Елбасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы, факультетімізідің түлегі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері жайлы ақпарат беріп өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің Персоналды басқару қызметінің бас маманы Отелова Айгерім Балабекқызы мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімдері, жастарға арналған бағдарламалар мен кәсіби тәжірибе жинақтау тетіктері түсіндіріліп, қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – жастар арасында мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтеру, болашақ мамандарды кәсіби тұрғыда ынталандыру және мемлекеттік қызмет саласындағы ашықтық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау болып табылады.
Семинарға қатысқан студенттер мемлекеттік қызметтің қазіргі даму бағыттары мен жастар үшін ұсынылып отырған жаңа мүмкіндіктер туралы тың ақпарат алып, өз болашағына қатысты маңызды бағыт-бағдар алды.