shape
shape

Деканның хабарламасы

Деканның хабарламасы

Құрметті білім алушылар,

Университет адамзат пен табиғатқа байланысты түрлі ғылым салалары бойынша жоғары деңгейде білім беретін, қоғам мен тұлғаның дамуына орасан зор пайдасын тигізетін білім беру және зерттеу ошағы болып табылады. Әлеуметтік ғылымдарға байланысты факультеттер қоғамның ұлттық болмысын дамыту, дербес және ғылыми тұрғыдан ойлай алатын жастарды тәрбиелеу және мәдени құндылықтарды бойға сіңіру сынды маңызды қызметтер атқарады. Теология факультеті білім алушыларымзға асыл дінімізді  қазақ дәсүрімізбен ұштастырып, алда жүйелі түрде факультет деңгейімізді арттыратынымзға нық сенемін
Факультетімізде Қазақстан мен Түркиядан  келген білікті оқытушы-профессорлар  қызмет етуде. Оқытушы-профессорларымыз өз білімдері мен білгендерін шәкірттерге беру үшін бар күшін салуда. Сондықтан да сабақтан бөлек қосымша семинарлар, басқосулар, ғылыми кездесулер және әр түрлі форматтағы ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Факультетте тек Қазақстан мен Түркиядан емес, түркі әлемінің барлық жерлерінен келген жастарға дін  салаларына байланысты білім берілуде. Дінтану, Теология, Исламтанудан басқа факультетімізде 2023-2024 оқу жылында Психология-Дінтану және Философия-Дінтану  білім беру бағдарламалары ашылды. Жыл сайын білім алушыларымыз ұтқырлық бағдарламасымен бір академиялық кезеңде  Түркия Республикасына барып оқуларын шыңдап келеді. Оқып жатқан жастарымыз бітіргеннен кейін де қаласа, өз мамандықтарына сәйкес магистратура оқи алады. Одан әрі ғылымға қадам басады. Түлектеріміздің бір тобы әртүрлі оқу орындарында оқытушы, әртүрлі  мекемелерде басшы және маман ретінде қызмет атақару мүмкіндігіне ие болуда. Түлектеріміздің факультетімізде алған білімдері арқылы түркі әлемі мен бүкіл адамзатқа қызмет ететініне сенім білдіреміз.

профессор, Досай Кенжетаев