Теология факультетінің өкілдері «Ахли Ислам» мешіт-медресесінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді
Теология факультетінің өкілдері «Ахли Ислам» мешіт-медресесінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді
Түркістан облысы, Сауран ауданында орналасқан «Ахли Ислам мешіт-медресесінде» ұйымдастырылған ауызашар іс-шарасына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Теология факультеті, «Теология» және «Философия» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қатысып, оқу орталығының шәкірттеріне кәсіби бағдар беру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында медресе шәкірттеріне Теология факультетіне қарасты «Дінтану», «Теология», «Исламтану», «Философия-дінтану» және «Психология-дінтану» білім беру бағдарламалары туралы мәлімет беріліп, мамандықтардың мазмұны, оқу үдерісінің ерекшеліктері, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және түлектердің кәсіби қызмет ету салалары түсіндірілді. Сонымен қатар аталған бағыттардың қоғамдағы маңызы мен еңбек нарығындағы сұранысы атап өтілді.
Іс-шара барысында кафедра оқытушылары медресенің материалдық-техникалық базасымен танысып, болашақтағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Кездесу соңында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еркін форматтағы сұхбат ұйымдастырылды.
Ашық сабақ
Студенттерге арналған Классикалық араб тілі
Сабақ кестесі
Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У ! 