“Жасанды интеллект дәуірінде ЖОО-да оқыту әдістерінің трансформациясы” атты әдістемелік семинар өтті
“Жасанды интеллект дәуірінде ЖОО-да оқыту әдістерінің трансформациясы” атты әдістемелік семинар өтті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Теология факультетінде Теология кафедрасының оқытушысы, PhD., доцент Нұрматов Жахангирдің ұйымдастыруымен “Жасанды интеллект дәуірінде ЖОО-да оқыту әдістерінің трансформациясы” атты әдістемелік семинар өтті.
Семинарға факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысып, жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне әсері және жоғары оқу орындарындағы оқыту әдістерін жаңа талаптарға сай жетілдіру мәселелері талқыланды. Баяндамашы жасанды интеллект құралдарының оқу үдерісіндегі мүмкіндіктері мен ықтимал қауіптеріне тоқталып, студенттердің сыни ойлау, дереккөзбен жұмыс істеу және талдау дағдыларын дамыту қажеттігін атап өтті.
Семинар соңында факультетіміздің профессор-оқытушы құрамы, профессор Д. Кенжетаев, кафедра меңгерушілері Д. Шауенов пен С. Шылмамбетов және осы семинарды ұйымдастырушы Оқу әдістемелік кеңесінің төрағасы Г.Шадинова өз пікірлерімен бөлісіп, баяндамашы Ж. Нұрматовқа алғыстарын білдірді.
Іс-шара білім беру үдерісін жетілдіру және оқыту әдістерін жаңғырту бағытында маңызды пікір алмасу алаңына айналды.