shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар пәнін дінтану мамандығына оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар

Теология факультетінің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент м.а. Камалова Фериде Болатқызы бүгін «Мемлекеттік-конфессияаралық қатынастар пәнін дінтану мамандығына оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Аталған семинар мазмұнды, ғылыми тұрғыдан терең әрі заманауи білім беру үдерісімен сабақтастырылған жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, пікір алмасуға қатысу арқылы семинар мазмұнын жан-жақты ашуға үлес қосты. Көтерілген мәселелер мен ұсынылған тұжырымдар қатысушыларға кәсіби тұрғыдан үлкен әсер қалдырды.
Семинар соңында PhD М. Төлегенов және философия ғылымдарының кандидаты, Г. Шадинова сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдіріп, семинардың маңыздылығына тоқталды.
Теология факультеті ұжымы атынан осындай тағылымды әрі мазмұнды семинар үшін шынайы алғыс білдіреміз.
Фериде Болатқызына шығармашылық табыс пен алдағы жұмыстарына толағай жетістіктер тілейміз!