shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«Радикализм және экстремизм ұғымдары»

Теология факультеті Дінтану кафедрасының магистр оқытушысы Тілекеева Балайым «Радикализм және экстремизм ұғымдары» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында тақырып жан-жақты талданып, теориялық білім мен практикалық талқылаулар өзара үйлесімді ұштастырылды. Студенттердің белсенді қатысуы мен қызығушылығы сабақтың жоғары деңгейде өтуіне ықпал етті.

Сонымен қатар, радикализмнің алдын алуда ағартушылық жұмыстың маңызы, сыни ойлауды қалыптастыру, дінді ғылыми негізде түсіндіру және оны ұлттық құндылықтармен сабақтастыру мәселелері кеңінен қозғалды. Бұл бағыттағы ой-пікірлер студенттердің таным көкжиегін кеңейтіп, өзекті мәселелерге саналы көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Осындай сапалы әрі мазмұнды сабақ үшін Тілекеева Балайым ханымға алғысымызды білдіреміз. Кәсіби қызметіне табыс, шығармашылық ізденісіне толайым жетістіктер тілейміз!

Сабақ соңында оқу-әдістемелік комиссия төрайымы Шадинова Г.А. өз пікірін білдіріп, жоғары бағасын беріп, ризашылығын жеткізді.