shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Түлектерді жұмысқа тарту мақсатында мамандармен кездесу өтті

Түлектерді жұмысқа тарту мақсатында мамандармен кездесу өтті
Бүгін Теология факультетінде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің өкілдерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, департаменттің жедел тобының жедел уәкілі, әділет майоры Сандуғаш Жубановна және №15 мекемесінің жедел бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының жедел уәкілі, әділет лейтенанты Амангелді Қалдыбаевич факультетіміздің 3–4 курс студенттерімен жүздесті.
Кездесу барысында факультет деканы С. Абжалов қонақтарды студенттерге таныстырып, мұндай кездесулердің болашақ мамандар үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
Шара аясында қонақтар бітіруші түлектерді Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне жұмысқа тарту мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, қызмет барысында ұсынылатын әлеуметтік жағдайлар — тұрғын үймен қамтамасыз ету, жалақы және өзге де жеңілдіктер туралы айтылып, студенттердің қызығушылығы артты.
Кездесу соңында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.